Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастағанын мәлімдеді. Басты міндет – балалардың, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуді күшейту мақсатында жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, бұған дейін орталықтардың қызметін бір жүйеге келтіру үшін бірыңғай үлгі бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген болатын. Онда тапсырмалар, жұмыстың негізгі бағыттары, штаттық кесте және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары егжей-тегжейлі көрсетілген. Әсіресе орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылады.
Бұл орталықтар педагог-психологтар үшін қолдау ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен балалар дер кезінде және білікті көмек ала алатын орта. Балалар психологиялық көмекке жүгініп қана қоймай, медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл біздің балаларымыздың және жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды, – дейді комитеті төрағасы.
Айта кетейік, орталықтардың ашылуы 2023-2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары