11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысының орынбасары Алмас Арзықұлов 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.
Сарапшы алдағы уақытта өтетін сайлаудың басты талаптарына сай келетін бірнеше партиялардың мүшелері Президенттікке үміткер бола алатынын айтады.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысының орынбасары сайлауға деген дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр деп есептейді.«Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес, кез келген 40 жастан асқан қазақстандық Президенттікке үміткер болуға құқығы бар. Ең басты қойылатын талаптардың бірі – еліміздің кем дегенде соңғы 15 жыл бойғы тұрғыны болып, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде білуі қажет. Сол себепті барлық партияның алда өткелі жатқан сайлауға қатысуға мүмкіндігі жоғарылады деп ойлаймын. Өйткені Президент билік партиясының өкілі болып табылмайды. Яғни бұл кез келген партияның жетекшілері, мүшелері үміткер бола алады деген сөз», - деді Алмас Арзықұлов.
«Қазірден бастап Президенттікке үміткер болатын азаматтар қызу дайындық жүргізіп жатыр деген ойдамын. Себебі сайлауға дейін 2 айға жуық уақыт бар», - деді ол.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес