6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Instagram парақшасында елімізде педагогтердің білімін бағалау емтиханының тоқтатылғанын мәлімдеді.
Жұлдыз Сүлейменова мемлекет басшысының тапсырмасымен ұстаздардың білімін бағалау тоқтатылғанын айтты.
«Құрметті ұстаздар! Сіздерге сүйінші жаңалықты айтқалы отырмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тоқтатылды. Өте жақсы. Менің ойымша, мемлекет басшысы Сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытуда. Бұл туралы хат білім басқармаларына жолданды», – деді министр.
Мұғалімдердің білімін бағалау – ұстаздардың кәсіби қабілетін, білігін анықтау үшін жүргізілген еді. Алайда, бұл жыл сайын мұғалімдердің наразылығын тудырып, үлкен пікірталасқа ұласатын. Дегенмен осы жаңалықты естіген ұстаздардың пікірі екіге бөлінді. Бірі тесті қалдырып, портфолионы алып тастауын өтінсе, ендігілері бір жыл бойы жүрген дайындықтың нәтижесін көргісі келетінін жазды.
Мен бұл жаңалықты естігенде көңілім түсіп кетті. Соңғы сәтте бәрін тоқтатып, алып тастау – дұрыс емес. Барлық педагог жыл бойы барып салып, дайындалды. Бұл – оңай жұмыс емес: қаншама ұйқысыз түндер, жүйке талшығы, күш пен ақша кетті. Мұның бәрін не үшін жасадық? Соңғы сәтте алып тастасын деп пе? Иә, бұл жағымды жаңалық, ендігіде аттестациядан өту жеңілдейтініне қуандық. Бірақ өзгерісті әуелден енгізу керек еді. Немесе осы аттестацияны аяқтап, одан кейін өзгерістің күшіне енетін датасын белгілеу керек еді, – деп жазды Дана есімді желі қолданушысы Instagram-да.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі