23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үшінші рет «Эмми» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
64 жастағы саясаткер 76-шығармашылық өнер саласындағы марапаттау рәсімінде «Үздік баяндаушы» аталымында жеңімпаз атанды.
Бұл жолы марапат Netflix түсірген «Біздің мұхиттар» атты деректі сериалдағы Обаманың жұмысына берілді. Лос-Анджелесте өткен салтанатқа экс-президенттің өзі қатыспағандықтан, марапатты оның атынан жүргізуші Джордан Клеппер қабылдап алды.
«Біздің мұхиттар» жобасы дүниежүзілік мұхит әлемінен сыр шертеді. Обама Тынық мұхиттағы киттердің өмірі мен олардың көшу процесін, сондай-ақ Солтүстік мұзды мұхиттағы морждардың климаттың өзгеруіне бейімделуін жан-жақты баяндап берген.
Айта кетсек, Обама бұған дейін де екі рет «Эмми» иегері атанған: 2022 жылы – «Біздің ұлы ұлттық парктеріміз» сериалы үшін алса, 2023 жылы «Жұмыс: біз күні бойы немен айналысамыз?» жобасы үшін берілген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік