Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘрбір ата-ана баласының бақытты әрі табысты болып өскенін қалайды. Алайда көп жағдайда бұл екі ұғымның өзара тығыз байланысты екеніне мән берілмейді.
АҚШ-тағы Теннесси штатында орналасқан Севани университетінің психология кафедрасының доценті Джон К. Коффи II осы байланысты зерттеп көрген. Оның зерттеуіне сүйенсек, баланың ерте жаста бастан кешкен жағымды эмоциялары кейінгі дамуына тікелей әсер етеді. Тіпті сәби кезеңіндегі бақытты сәттер баланың IQ деңгейіне және есейгенде жаңа білімді қаншалықты оңай меңгеретініне ықпал етуі мүмкін.
Ғалымның айтуынша, қуаныш, махаббат сияқты жағымды эмоцияларды жиі сезінетін балалар өз уақытын пайдалы дағдыларды дамытуға, қарым-қатынас орнатуға көбірек жұмсайды. Ал, керісінше, жиі күйзеліс, ашу немесе мұңға берілетін балалардың назары өз мәселелерін еңсеруге ауып, оқу мен дамуға бөлетін мүмкіндігі азаяды.
Сонымен қатар позитивті эмоциялар баланың шығармашылық қабілетін арттырып, мәселе шешу дағдысын жақсартады және адамдарға деген жылы қарым-қатынасын қалыптастырады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бақытты балалар (ерте жастағы интеллект деңгейіне немесе ата-анасының табысына қарамастан) мектеп пен колледжді жиі табысты аяқтайды.
Зерттеуші тағы бір маңызды жайтқа назар аударады: бақыт деңгейі эмоцияның қаншалықты күшті болуына емес, оның қаншалықты жиі қайталанатынына байланысты. Сондықтан ата-аналарға баланың күнделікті өміріне шағын болса да, көбірек жағымды сәттер енгізуге көңіл бөлу ұсынылады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары