23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбеде балаларға арналған халықаралық деңгейдегі ең жарқын әрі шырайлы шаралардың бірі — VI ашық «Baqytty Bala–2025» вокалдық фестиваль-байқауының гала-концерті өтті. Кеште жеңімпаздар анықталып, лайықты марапаттарына ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бас жүлде мен 1 миллион теңге Беларусь елінің Минск қаласынан келген София Рустамоваға табысталды. Бірінші орын және 700 мың теңге Ижевсктен келген дарынды өнерпаз Кирилл Усовқа бұйырды. Ал екінші орын және 500 мың теңгеден Қазан қаласының әнші қызы София Фадеева мен алматылық Мирас Нағашыбай иеленсе, үшінші орынды Өзбекстаннан Лайло Хафизова, ақтөбелік Мөлдір Абдирова, атыраулық Нұршат Кусанова өзара бөлісті. Оларға да қаржылай сыйлық берілді. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің 20 елдегі жанкүйерлері атынан бес қатысушыға 100 мың теңгеден арнайы сыйақы берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль жас дарындарға шабыт сыйлап қана қоймай, мәдениеттер үндестігін арттырып, достық пен өнердің ортақ алаңына айналды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады