Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық кәсіпкер, Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс шеңберінде соталды тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде тоқтатылды (іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты - еск.), - деп жауап берді Алматы Полиция департаменті.
Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекіткені айтылған.
Еске салайық, биыл наурызда кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды деген ақпарат тараған еді. Онда Бақыт Ибрагим өзіне қол салғаны жазылған. Кейін полиция бұл деректі растады.
Еске салайық, 2018 жылы халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланған болатын. Ол «Bank RBK» АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?