23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Тәжікстан ІІМ көріпкелдер мен бақсылардың көмегіне жүгінетін азаматтарға қатысты шаралар қабылдайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәжікстанның ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық тексерулер нәтижесінде «сиқырға сенетін және көріпкелдер мен бақсыға жүгінетін» азаматтар анықталғанын хабарлады.
Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көріпкелдер мен бақсыларға жүгінгендер олардың қызметтеріне ақы төлеп, сол қызметті дамытатыны анықталды. Бұл қызметке жүгінген барлық тұлға Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына шақырылып, оларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, олардың деректері мен фотосуреттері департаменттің дерекқорына енгізіледі, - делінген ІІМ хабарламасында.
Бұған дейін Тәжікстандағы бақсылар мен көріпкелдер мәжбүрлі жұмысқа алты айға жіберілетіні туралы хабарланған болатын.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік