10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБірқатар БАҚ редакцияларының Telegram аккаунтына және мемлекеттік органдардың мекенжайларына лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер бар хабарламалар келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының арқасында бірнеше телефон, сондай-ақ олардың иелері мен пайдаланушылары анықталған.
Олардың арасында Қазақстанның қарапайым азаматтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар болып шықты.
Бірақ олардың пошта жөнелтілімдеріне қатысы бар екені расталмады. Олардың барлығы Telegram мессенджерінің белгісіз қолданушылары тарапынан «сваттингтің» (құқық қорғау органдарын хакерленген адресаттарға шақыру үшін ауыр құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарламалар) құрбандары болды деп болжануда, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары құқық бұзушыларды анықтап, көрінеу жалған хабарламалары үшін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуда.
Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында, - деп сендірді полиция өкілдері.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді