6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШетелдік БАҚ өкілдері АҚШ-та кибералаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық азаматтың ұсталғаны туралы жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Court Watch порталының мәліметінше, қазақстандық Александр Ходыревпен бірге бұл істе ресейлік Павел Кублицкийдің де аты аталған. Іске қатысты сот құжаттары желіде жарияланды.
Олар даркнеттен заңсыз алынған ақпарат үшін қолданылатын WWH платформасын басқарды деген күдікке ілінді. Тергеушілер бұл қылмыстық форумды eBay мен Reddit-ке ұқсатады екен.
Ал Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров АҚШ тарапынан іс туралы ақпарат түспегенін алға тартқан.
Біз АҚШ құқық қорғау органдарынан ақпараттың рас-өтірігін нақтылауды сұрадық. Сондықтан Қазақстан азаматының ұсталғанын не ұсталмағанын растай алмаймыз, - деді Смадияров.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі