Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАғылшын детективтерінің шебері Агата Кристидің ең алғашқы жарияланған туындысы Лондон газетінің мұрағатынан 120 жылдан кейін табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
The Times газетінің мәліметінше, «Буға қарсы электр қуаты» атты өлең 1905 жылы жарық көрген. Алайда жазушының өмірбаянындағы жаңсақ деректер бұл 24 жолдық шығарманы осы уақытқа дейін табуға кедергі келтірген.
Зерттеушілердің айтуынша, «детективтер ханшайымы» өз өмірбаянында жасын қате көрсеткен – өлең жазылған кезде ол 14 жаста емес, 11-де болғанын жазып кеткен. Сондай-ақ ол электр пойызын трамваймен шатастырған. Кристи шығармашылығын зерттеушілер бұл лирикалық өлеңді өткен айда газет мұрағатынан тапқан. Кейін жазушының мұрагерлері туындыны қайта жариялауға рұқсат берген.
Өлең 1905 жылдың 8 шілдесінде Ealing and Hanwell Post басылымында жарияланған.
Агата Кристи қаламынан 80-нен астам детективтік шығарма туған. Олардың арасында «Шығыс экспресіндегі адам өлімі», «Ніл өзеніндегі өлім» сияқты әйгілі туындылар бар. Оның кітаптары 100-ден астам тілге аударылып, Эркюль Пуаро мен мисс Марпл туралы хикаялар бірнеше рет экранизацияланған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?