6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанадағы банк ғимаратында қызметкерлерді ұстап отырған қарулы күдіктіге қандай жаза қарастырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.
Оқиға 18 маусым күні сағат 13:51-де болған еді. Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген белгісіз тұлға тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған.
Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандар мен кепілге алушы зардап шеккен жоқ.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261 бабы 2 бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі