14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Жеке тұлғалар жаңа заңнамалық негіздерге сәйкес үшінші наурыздан бастап, «E-salyg Azamat», «E-gov» веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы банкроттыққа өтініш қалдыра алады. Өтініш беру уақыты шексіз, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Барлық заңнамалық актілер, яғни 11 құжат қабылданып, ақпараттық жүйесі іске қосылды. Өтініш қалдырғаннан кейін 14 күннен кейін жауап келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін заңға өзгеріс енгізілді. Олар 6 ай несие төлемеген болса, өтініштері қабылданады», - дейді Қаржы вице министрі Ержан Біржанов.
Оның айтуынша, өтініштер үш тәсіл бойынша қарастырылады. Олар: соттық емес, соттық және төлем қалпына келтіру.
«Соттық емес жеке тұлғалардың банкроттығы мәртебесін алу үшін борыш 5,5 млн теңгеден аспауы және несие 1 жыл өтелмеген болуы қажет. Оған қоса азаматта тіркелген мүлік, ортақ меншіктегі мүлік болмауы қажет. Соттық жүйе барлығына белгілі сот шешімі бойынша жүзеге асады. Үшінші тәсіл - төлем қалпына келтіру. Мұның ерекшелігі борышкер банкрот мәртебесін алмайды. Сот шешімімен 5 жылға дейін өзінің төлемін бөліп төлеуге құқығы бар», - дейді Қаржы вице министрі.
Банкрот мәртебесін алған азаматтардың қаржысы 3 жыл мониторингте болады, 5 жыл қарыз бен несие берілмейді, банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды