28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау 2023 жылдың 3 наурызында басталды. Жарты жылдан соң 4 қыркүйекте банкрот мәртебесін алғашқы 302 қазақстандық алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір банкрот жариялауға өтініш бергендер бойынша жалпы берешек сомасы – шамамен 708,5 млн теңге. Бір адамға орта есеппен 2,3 млн теңгеден сәл көп, – делінген хабарламада.
"Бірінші кредиттік бюро" мәліметіне сәйкес, берешектің ең жоғары сомасы – 106,5 млн теңге, ал ең төмен сомасы – 48,5 мың теңге. Ең көп банкрот – Алматыда. 51 алматылық банкрот жариялады. Қарағанды облысында 34 және Алматы облысында 24 адам. Республиканың барлық аймағында банкроттар бар. Ең аз банкрот СҚО-да, үш-ақ адам және ШҚО бойынша төрт адам.
Берешектің ең жоғары орташа сомасы – сегіз миллион теңге, Батыс Қазақстан облысында. Берешектің ең төменгі орташа сомасы – Түркістан (883 мың теңге) және Абай (999 мың теңге) облыстарында.
Банкрот мәртебесін алған ең үлкен қазақстандық 64 жаста. Ең жасы 23 жаста.
Айта кетейік, барлығы соттан тыс банкроттыққа 64,6 мың өтініш берілді. 51,4 мың адамға бас тартылды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?