6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлакөлдік балықшылар әулеті дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтартар - балықшылар әулеті. Отағасы Мұхамедияр мен отанасы Қайынжамал Ариновтар бастап, балалары мен немерелері түгелдей балық шаруашылығымен айналысады. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытқан. Осы жолы да сол үрдістерін үлгі етті.
Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс бердік. Біз үшін сайлау – тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік», - дейді Ариновтар әулетінің мүшелері.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі