6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФлорида штатының тұрғыны Шон Маас лимон акуласымен селфи жасамақ болғанда жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маас 2025 жылдың 20 тамызында достарымен туған күнін атап өту үшін теңізге балық аулауға шыққан. Олар акуланы қармаққа түсіріп, қайта теңізге жібере берген сәтте, ер адам суретке түсу үшін оның тұмсығынан ұстап қалады. People басылымының жазуынша, дәл сол сәтте жыртқыш бұлқынып шығып, балықшыны аяғынан тістеп алып, суға қайта сүңгіп кеткен.
Достары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатып, құтқарушыларды шақырған. Зардап шеккен адам тікұшақпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған күрделі операция жасалды.
Кейінірек Шон Маас:
Тірі қалғаным – жолымның болғаны, - деп мойындады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі