23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Балық жеп, аяқ-қолынан айырылған келіншек Бота Бурханова Жанар Байсемізге қонаққа келіп, өз оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол балықты базардың алдынан алғанын айтады. Кептірілген балыққа қатты қызыққаны соншалық үйіне әкеліп балаларына бермей өзі жеген.
Балықты жеген соң, ертеңіне дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бірақ қатты мән бермедім. Келесі күні жағдайым тіптен нашарлады. Аяқ-қолдарым істемей қалды. Осылай реанимациядан бір-ақ шықтым. Ауруханада елестерді көп көріп, жағдайым кері кетті. Дәрігерлер мені «өледі» деп ойлаған. Туыстарыма да солай айтқан. Менің аяқ-қолдарым қап-қара болып көгеріп кеткен. Олар қолдағы тамырды таппай, мойын тұсымнан плазма жіберді, наркоз жіберді. Осыдан соң, менің миым толықтай істемей қалған, - дейді Бота.
Оның айтуынша, ажалдан арашалап қалған анасының дұғалары.
Мен аурухана түскеннен кейін, анам Египеттен үш күннен кейін келді. Оған да дәрігерлер «қызыңыздан үміт жоқ» десе керек. Дәрігерлерге ұрысыпты. Жағдайым қатты нашарлаған соң өзімен ала келген зәмзәм суымен жуындырып, дұға оқи беріпті. Былайша айтқанда анам мені өлімнен алып қалды, - дейді Бота.
Елдегі дәрігерлерден қайыр болмаған соң, Ботаны туыстары шұғыл Түркия еліне апарады. Ол жақта дәрігерлер аяқ-қолдарын кескен.
Алақанымды тірілту үшін, ішімке кесіп, біріктіріп тігіп қойған. Ал аяқтарыма 11 сағат ота жасады. Қатты қарайып кеткендіктен кесуге тура келді, - дейді Бота.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік