Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПетропавлда 56 жастағы ер адам балық аулауға барып суға батып кетті. Бұл биылғы шомылу маусымы басталғалы тіркелген алғашқы оқиға, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға өткен аптада 7 маусым күні Петропавлдағы «Восточный берег» дәмханасының маңында болған. Балық аулауға келген ер адам сағат 13.00 шамасында суға кетті. Құтқарушылар балықшының денесін сол күні тапты, айтуларынша, қарапайым ережелерді сақтамаған, құтқару жилеті болмаған, спирттік ішімдік ішкен.
Восточный берег» дәмханасының жанында суға шомылуға болмайды. Осындай халық баратын орындарға ескерту белгілерін қойып шықтық, бірақ тұрғындар, демалушылар оны өздігінен алып тастайды. Бұл әрекеттен қауіп жоғалмайды. Сондай-ақ жауапкершіліктен де құтылмайды. Әкімшілік кодексте 364 бап бар, яғни бұл рұқсат етілмеген жерге суға шомылуға байланысты. Бірінші рет ескертіледі, екінші рет бір жылдың ішінде қайталаса айыппұл салынады. Көл басында спирттік ішімдік ішкендерге де жауапкершілік бар, - дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек