2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайБалқаш қаласындағы әуежай заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару есебінен реконструкциядан өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасы мәлімдеді.
Әуежай 1 маусымнан бастап қайта жұмысын бастады. Демалыс маусымына сақадай сай дайын. Жөндеу жұмысы жолаушылар санын көбейту мақсатында жүргізілген.
Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, жоба Бас прокуратураның қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағыттау жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылды. Қарағанды облысы бойынша бөлінген қаражат есебінен Балқаш әуежайын жаңғырту туралы шешім қабылданған.
Реконструкция жұмыстары көлік инфрақұрылымын жаңартуға, ұшу қауіпсіздігін арттыруға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоба өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.
Мамандардың айтуынша, әуежайды жаңарту Балқаш қаласының көліктік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.
16 мың теңге: жаңа бағыт ашылды
Жаз бойы күн сайын Балқаштан Астана мен Алматыға дейін рейс ашылды. Жолаушыларға Kazakh Air және Scat әуекомпаниялары қызмет көрсетеді. Билет бағасы екі бағытта да 16 000 теңгеге дейін.
Балқаш әкімдігінің хабарлауынша, Шымкент пен Жезқазған бағытында рейстер ашу жоспарда бар. Жаңа әуежай сағатына 80 жолаушыны қарсы алады. Бұрын сағатына 60 адам ұшып келетін. Алда ұшу бағыттарының географиясын кеңейту қарастырылып жатыр.
Есте болса, Қарағанды мен Балқаш арасындағы автожол жөнделді. Қарағандыдан Балқаштағы демалыс орнына көлікпен үш-төрт сағатты алады.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат