6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБалқашта жол талғамайтын көліктің 9 жасар қызды қағып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Видеода оқушының Абай көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан жерінде көлік қаққанын көруге болады.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиғаның 24 сәуір күні болғанын растады. Ал рульде 72 жастағы жүргізуші болған.
Балқаш полициясының кезекші бөліміне жол талғамайтын көліктің қыз баланы қағып кеткені туралы қоңырау түсті. Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан) іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптама тағайындалды, - делінген мәліметте.
Куәгерлер сөзінше, жүргізуші төмен жылдамдықпен келе жатқан, сондықтан оның уақтылы тоқтауына не кедергі болғанын тергеу анықтайды.
Ал жарақат алған қыз ауруханада, оның жағдайы тұрақты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі