23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Балқашта тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше сағат 14.00-де Ағыбай батыр көшесінде болды. Тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда құрылыс краны бір жағына қисайып, құлаған. Жергілікті әкімдік мәлімдегендей, құрылыс жүгін көтеру кезінде кранның табанының астындағы топырақ сусып кеткен.
Оқи отырыңыз:
«РимСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы Ағыбай батыр көшесі 18 мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылғы 30 маусымда шамамен сағат 14:00-де профильді парақтарды осы үйдің төбесіне кранмен көтерген кезде, ауыр техниканың оң жақ артқы аутригері жылу трассасы науасының еден плитасын сындырған. Сағат 16:40-та кран қайта іске қосылды. Мердігер ұйым қысқа мерзімде зақымданған плитаны қалпына келтіреді», - деп хабарлады Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік