Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚарағанды облысының Балқаш қаласында былтыр үш жаңа демалыс аймағы пайда болды, биыл тағы алтауы қосылуы мүмкін. Бұл туралы Балқаш әкімі Сапар Сатаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, өткен жылы Балқаш курорттық аймағында демалушылар саны 30%-ға жуық өсіп, 121 мың адамды құраған. Туристерді 99 нысан қабылдады.
Былтыр үш демалыс аймағы пайдалануға берілді. Биыл жалпы инвестиция сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын алты туризм нысанын іске қосу жоспарланған. Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы басталады. Демалыс аймақтары орталық сумен жабдықталады. Сонымен қатар биыл жағажай мен қала жағалауын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс, – деді Сапар Сатаев.
Әкім Балқаш әуежайын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатқанын алға тартты. Жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар