20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісБалқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқуға арналған жәрдемақы алу құқығын қалпына келтіріп, олардың әлеуметтік қолдау алуына жол ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізілген тексеріс барысында прокуратура мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың орындалу деңгейін саралады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына және әлеуметтік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қамсыздандыру, соның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығындардың өтемақысын алу құқығы беріледі. Алайда Балқаш қаласында үйден білім алатын 38 баланың ішінде 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақыны алмай жүргені анықталды. Бұл бұзушылық білім беру ұйымдарының ата-аналарды жеткілікті деңгейде ақпараттандырмауынан туындаған.
Қалалық мәслихат шешіміне сәйкес, мұндай жәрдемақы мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті, яғни ай сайын 13 106 теңгені құрайды, ал төлемдер тоқсан сайын жүргізілуі тиіс. Прокуратураның араласуымен Балқаш қаласының білім басқармасына заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде тиісті төлемдер тағайындалды. Осылайша, прокуратура мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қалпына келтіріп, олардың заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысын одан әрі жалғастырып отыр.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?