14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Балқаштағы демалыс орындарының бірінде болған ұрлық оқиғасы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Желі қолданушысы Айсәуле Сьезбектің айтуынша, олар Балқаш көлінің жағалауындағы демалыс үйіне қоныстанған. Отбасы жағажайға кеткен уақытта жолдасының iPhone телефоны жабық тұрған бөлмеден жоғалып кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға қалай болды?
Жәбірленушінің сөзінше, тәулігіне 90 мың теңге төлеп орналасқан демалыс орнында бейнебақылау камералары болмаған. Сонымен қатар, қонақүй әкімшілігінің оқиғаға немқұрайлы қарағанын айтып, олардың ұстанымына наразылық білдірген.
Балқаштағы бөлмемізге ұры түсті. Жағажайға кеткенде жолдасымның айфон телефонын жабық тұрған бөлмеден ұрлап кетті. Тәулігіне 90 мың теңге төлеген демалыс орнында камера мүлде жоқ, – деді Айсәуле Сьезбек.
Оның айтуынша, демалыс орнының басшылығы жағдайға алаңдаушылық танытпаған.
Бастықтары үшін мұндай жағдай қалыпты секілді. Міз бақпай, бізге бәрібір дегендей болды, – деді ол.
Полиция пікірін білдік
Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері қылмыстық іс тіркелгенін, саусақ іздерін тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған. Алайда кейінірек аумақтық құзыретке байланысты мәселе туындап, Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының полиция бөлімдері арасында істің қай мекемеге қарайтыны жөнінде түсініспеушілік болғаны айтылды.
Жәбірленушілердің пікірінше, екі тарап жауапкершілікті бір-біріне сілтеп, нақты әрекетке көшпеген.
Балқаштан криминалдық полиция келді. Қылмыстық іс тіркеп, тексеру жүргізетіндерін айтты. Бірақ кейін бұл жер біздің ауданға қарамайды деп кетіп қалды. Ақтоғай ауданы мен Балқаштың криминалдық полициясы жауапкершілікті бір-біріне ысырып отыр, – деді Айсәуле Сьезбек.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қауіпсіздік мәселесін қайта қозғады. Көпшілік демалыс орындары қонақтардың мүлкін қорғауға көбірек көңіл бөлуі керек деп есептейді. Әсіресе бейнебақылау жүйелерінің болмауы мен қауіпсіздік талаптарының әлсіздігі демалушылардың алаңдаушылығын арттырған.
Біз Қарағанды облыстық полиция департаментіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтадық. Ведомство өкілінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Жәбірленушімен кеше сөйлестік. Қазіргі уақытта қылмысты ашу және күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді облыстық полиция департаментінің өкілі.
Демалысқа барғанда нені ескеру керек?
Мамандар демалыс кезінде мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
Мамандардың айтуынша, демалыс кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау жеке мүлікті жоғалту қаупін айтарлықтай азайтады.
Қонақ үй ұрлық үшін жауап бере ме?
Көпшілік демалыс орындарында жоғалған немесе ұрланған заттар үшін қонақ үй міндетті түрде жауап береді деп ойлайды. Алайда бұл әрдайым солай емес. Заңгерлердің айтуынша, қонақ үй әкімшілігінің жауапкершілігі оқиғаның мән-жайына, ішкі ережелерге және қауіпсіздік шараларының қаншалықты сақталғанына байланысты анықталады.
Егер қонақ үйде бейнебақылау жүйесі, күзет қызметі немесе сейф секілді қауіпсіздік құралдары қарастырылмаған болса, бұл жағдай тергеу барысында ескерілетін факторлардың бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар, қонақтар бөлме есігін құлыптап кету, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау сияқты қауіпсіздік талаптарын өздері де сақтауы қажет.
Мамандардың айтуынша, ұрлық фактісі орын алған жағдайда оқиға туралы дереу полицияға хабарлап, қонақүй әкімшілігінен ресми акт толтыруды талап еткен жөн. Бұл кейін құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды