7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мереке және демалыс күндері Балқашта 20 мыңға жуық адам демалды. Демалушылар қоқыстарын шашып, құмның астына тығып кеткені белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Сапар Сатаев өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Өткен мереке және демалыс күндері Балқашта 20 мыңға жуық адам демалды. Әрине, бұл туризмнің дамуына, қалаға қаржының түсуіне және жергілікті бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуіне әкеледі,- деп жазды қала басшысы.
Оқи отырыңыз:
Дегенмен демалысқа келген туристер мәдениетсіздік танытып, қоқыстарын отырған жеріне тастап кеткен.
Бірақ, бұның сырт жағы бар - бұл қоқыс пен рұқсат етілмеген қоқыс орындарының үлкен көлемінің пайда болуы. Балқаштың бүкіл жағалауында демалушылардан кейін қалған қоқыс аз емес. Демалушылар қоқыстарын контейнерлерге апара алмай, темекі, бөтелкелерді, майлық және тамақ қалдықтарын құмның астына тығып қояды. Белсенділер, жұмысшылар, еріктілер жағажайды тазарту жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Өткен демалыс күндері Шұбар-Түбек және Тораңғалық ауылдарының жағажай аймағынан 1000 қапқа жуық қоқыс жиналды, - деп жазды Сапар Сатаев.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?