22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚарағанды облысының полицейлері Балқаш көліндегі рейдтік іс-шаралар кешенін жүргізу барысында екі браконьерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 қаңтарда табиғатты қорғау полициясы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен, Қарағанды облысы ПД, Балқаш қаласы ПБ арнайы қызметтерінің жауынгерлерімен және Балқаш балық инспекциясының мамандарымен бірлесіп, көл жағасында екі балықшыны ұстады. Балықшылардың әрқайсысында балық сөмкелері мен тыйым салынған құралдары болған.