Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБалқаш көлінде балықшы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін Приозерск қаласының құтқарушылары балықшыны жағаға қайтару бойынша құтқару операциясын жүргізді. Ер адам бір күн бұрын моторлы қайықпен көлге шаққан, бірақ балық аулап жүріп, жанармайының таусылғанын байқамаған.
Ол ескекпен жүзуге тырысқан, бірақ жел мен толқынның салдарынан жағаға өз бетімен орала алмады. Құтқарушылар оны Приозерск қаласынан 2 шақырым жерден тапты.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Су айдынына шығар алдында қайықтың жағдайын мұқият тексеруді ұсынамыз.
Қайықтағы әрбір адам үшін құтқару шеңбері, белбеу немесе кеудеше болуы керек.
Дауылды ауа райында және түнде суға шығуға тыйым салынады.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жағадан алыс кетпей балық аулау ұсынылады.
Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың барлық фактілері бойынша 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына хабарласыңыз.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды