23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Балқаш әуежайын жаңғырту жолаушылар ағынын үш есеге арттырады. Жобаның жалпы құны 3,8 млрд теңге деп бағаланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Балқаш қаласының әуежайында жермен жүру жолы және перронды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бас мердігер «Казахдорстрой» ЖШС ресурстарды жұмылдырып, қомақты көлемде арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.
Қазіргі уақытта асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмыстары аяқталып (98 пайыз), жол төсемдері әзірленіп жатыр. Жұмыс жоспарына сәйкес бетон жабындысын монтаждау биылғы 15 маусымға жоспарланған.
Ал содан кейін аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу жоспарланған.
Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен туристік аймақты дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтіліп отыр, жолаушылар ағыны жылына 13-тен 40 мың адамға дейін ұлғаяды деп жоспарлануда, – дейді Қазақстанның авиация әкімшілігі өкілдері.
Айта кетейік, Балқаш қаласының әуежайы 1967 жылы салынды, соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік