28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБалқаш әуежайы еліміздегі әуежайлардың дамыту бағдарламасына енгізіледі, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында еліміздің әуежайларын дамыту бағдарламасына Балқаш қаласының әуежайын қосуды тапсырды.
Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Балқаш әуежайын дамыту жөніндегі жобаның 2023-2024 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізуді қолдайды.
Сондай-ақ Президенттің тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың мамыр айынан бастап қазан айына дейін Балқаш қаласына аптасына 14 рейс жиілігімен Астана мен Алматыдан келетін әуе маршруттары субсидияланады. Осылайша, жазғы кезеңде әуе рейстерін «Южное небо» компаниясы іске асырғанын айта кеткен жөн»,-делінген хабарламада.
Маусымдық және туристік ағымды ескере келе, жаңа әуе және теміржол бағыттарының ашылуы туралы айтатын болсақ, Азаматтық авиация комитеті Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында жаңа әуе маршруттарының ашылуын қарастырып жатыр. Мысалы, 2024 жылдан бастап Шымкент, Түркістан және Жезқазған қалаларынан Балқаш қаласына дейін маршруттар ашу көзделіп отыр. Сонымен бірге Астана мен Алматыдан орындалатын рейстер субсидияланады.
Мемлекет басшысының «Жас отбасыларға арналған ипотека» жеңілдетілген бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайтуға қатысты тапсырмасына келсек, қазір жұмыс істеп жүрген жастарға арналған өңірлік бағдарламалар қабылданып жатыр.
«Оның ішінде, жас отбасыларға арналған бағдарламалар да бар. Мәселен, Қарағанды облысында «Қарағанды жастары» өңірлік бағдарламасы іске қосылып, оны жүзеге асыруға биыл шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражатқа 75 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі»,-деп жазады баспасөз қызметі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?