Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБали аралына жақын маңда паром суға батып, салдарынан кемінде 61 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға жергілікті уақытпен түнгі 23:00 шамасында болған.
Парoмда барлығы 53 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ, бортта 22 көлік тасымалданған. Бастапқыда құтқарушылар төрт адамды аман алып шықты. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың арасында болған-болмағаны белгісіз.
Оқиға орнында жаға күзеті мен іздестіру-құтқару топтары жұмылдырылды. Жағдайды бақылауға алу үшін бірнеше кеме тартылған.
Соңғы мәлімет бойынша 16 адам құтқарылған, кемінде 2 адамның қаза тапқаны расталды. Паром Кетапанг портынан Гилиманук портына бағыт алған. Кеме қозғалтқыш бөлігінде тесік пайда болып, соның салдарынан электр жүйесі істен шыққан. Нәтижесінде паром аударылып кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Үндістанда ұшақ апатқа ұшырағаны туралы жазған едік.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар