8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?«Алтын белгіні» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке барады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев Талдықорғанда өтіп жатқан жиында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осы күні «Алтын белгі» балаға емес, ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні«баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек, - деді Ғани Бейсенбаев.
Ол жиында білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу керек деп айтты. Әрбір директор мен бухгалтердің қызметтегі мінез-құлқы, пайдакүнемдік мүддесінің болуы мұқият зерттелуі қажет. Облыстық білім басқармалары басшыларының жұмысы да осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болатынын да жеткізді.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін