23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда халық көп шоғырланған аудандарда полиция қызметкерлері түнгі уақытта балалардың жүріс-тұрысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласында “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, панасыз және қараусыз қалған жасөспірімдерді анықтау, сондай-ақ отбасылармен және жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мәселен, Алматы қаласының Әуезов ауданында ювеналды полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы тоғыз күні ішінде түнгі уақытта балаларының көшеде жүруіне жол берген және басқа да құқық бұзушылықтар жасаған 100-ден астам ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Панасыз және қараусыз қалған 8 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар ювеналды полиция бөлімшесінде бала тәрбиелеу міндеттерін орындамаған 3 отбасы мен 4 кәмелетке толмаған бала есепке алынды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады