Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚызылорда тұрғындарды алдаған күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 1 қыркүйек күні Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне екі қала тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Тергеу барысында қала тұрғындарының сеніміне кірген күдікті таныстарының балаларын жоғағы оқу орнына түсіруге көмек беремін деп алдағаны белгілі болды. Осылайша, күдікті өзінің уәдесін орындамай, алдау жолымен жәбірленушілерден жалпы 1,3 млн теңге көлемінде ақшасын иемденген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған 36 жастағы күдікті ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар