Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда оқушылардың сабақ уақытында смартфон пайдалануы үшін олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова Сенаттың жалпы отырысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Вице-министрдің айтуынша, «Білім туралы» заңда оқу процесі кезінде ұялы телефон қолдануға тікелей тыйым салынған. Осы талаптың орындалуына ата-аналар жауап береді.
Сабақ кезінде телефон пайдалануға заңмен шектеу қойылған. Егер бұл талап бұзылса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабына сәйкес ата-аналарға ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Бірінші жағдайда ескерту жасалады, ал қайталанса — айыппұл салынады, – деді Мелдебекова.
Вице-министрдің айтуынша, әзірге бұл бап бойынша ата-аналарға айыппұл салынған жоқ. Бірақ заңнамада бұл бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл көзделген.
Еске сала кетейік, 2023 жылы оқушылардың сабақ үстінде смартфон пайдалануына шектеу енгізу туралы бастама қоғамда кеңінен талқыланған болатын.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?