18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанда баласының көзінше темекі шегіп, ішімдік ішкен ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін. Осылайша, мемлекет отбасы тәрбиесіне қатысты ережені өзгертті. Енді ата-аналар зиянды әдеті үшін бақылауға алынады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұдан былай кәмелетке толмаған баланың көзінше темекі шегу не алкоголь ішу ата-ананың бала құқығын бұзғанын білдіреді. Мұндай жағдайда 10 АЕК мөлшерінде (2026 жылы 1 АЕК – 4325 тг) айыппұл салынады. Бұл «Бала құқықтары туралы» заңда бекітілген салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген. Егер құқық бұзу бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 15 АЕК-ке дейін өсіп, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Сондай-ақ ата-ана өзі алкоголь тұтынғанымен қоймай, балаға да берген жағдайда жаза қатаңдайды. 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға негіз бар.
Сондай-ақ балаға күш көрсетуге толық тыйым салынады. 2024 жылы 16 маусымнан бастап елімізде кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді. Қол жұмсау, белдікпен ұру сияқты әрекет Қылмыстық кодекстің 109-1 бабына сай жазаланады. Бұл бап бойынша 50 тәулікке дейін қамауға алынады немесе 100-200 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Оған қоса, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Олар құқық бұзған жағдайда, ата-аналары айыппұл төлейді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес, бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін ата-ана жауапқа тартылады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр