14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Нейропсихолог Айнұр Алдаш 16 жылдан бері балалармен жұмыс істейді. Оның айтуынша, кейінгі кезде ата-аналар баланы қанша жасында мектепке беру керегіне бас қатырып жүр. Өйткені елімізде 5 жастағы баланы мектеп алды даярлық тобына қабылдайды. Соған сәйкес 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейді.
Қазір ата-аналар барынша баланың жағдайын ойлап, қандай да бір шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланады. Әсіресе, баланы 6 не 7 жасынан 1-сыныпқа беру туралы сұрақ бірінші орында тұр.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қағидаларға сәйкес, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа алты жасар балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды, олардың дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, қабылдауды жүзеге асырады, – деп жазылған Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасында.
Ал психологтар, ұстаздар баланың ыңғайына, дамуына зер салу керегін айтады. Сонда біріншіге баратын баланы қалай танимыз?
Нейропсихолог Айнұр Алдаш ата-аналарға ұл-қызының төмендегі тесті орындай алатынына көз жеткізуді ұсынады.
Әсіресе, нейропсихолог баланың почеркінен гөрі қалам ұстауына миының дамуы жауап беретінін айтады. Егер балада дене регуляциясы әлсіз болса, ұсақ моторикасы дамымаса, кеңістікті бағдарлау қиын болады. Ал миы жақсы дамыса, почеркі де түзеледі.
Мен мектепке барамын: 6 vs 7 жас
Айнұр Алдаштың айтуынша, 6 мен 7 жастағы баланың айырмашылығы өте үлкен.
7 жаста:
Сондықтан 7 жастағы бала партада ұзақ отыра алады. Нұсқаулықты орындайды. Мектептегі стресске төзімдірек болады. Кейде ата-ана «балам зерек, бәрін біледі» деп мектепке ерте береді. Бірақ мектепке тек интеллект емес, психика мен жүйке жүйесі де дайын болу керек. Неге бұл маңызды? Мидың жетілуін, зейінін, дене регуляциясын, өзін-өзі бақылауын көрсетеді. Балаңыз оқып, жаза алса да, санау білсе де миы мектеп жүктемесіне әлі дайын болмауы мүмкін. Бір жыл күту баланың психикасын сақтап қалады, – дейді психолог.
Балалар неге меткепке дайын болмайды?
Нейропсихолог баланың мектепке дайын болмауына бірнеше факт әсер ететінін айтады. Мұндайда ата-ана ұл-қызын бақылап, зерттеуі керек. Реті келсе маманға апарып, диагностика жасатып, дағдыларын дамытқаны жөн.
Қазір неге көп бала мектепке дайын емес? Менің ойымша, оның ең үлкен себебінің бірі балалардың кеш сөйлеуі. Қазір 4-5 жасында сөйлейтін балалар көбейді. Көп ата-ана әйтеуір сөйлеп кетті ғой деп тынышталады. Бірақ мектепке барғанда мұғалім де қиналады, ата-ана мен бала да қиналады. Сөйлеу жоғары психикалық функцияларға жатады. Бала сөйлегенде ойлау дамиды, есте сақтау дамиды, зейін қалыптасады. Өзін бақылоау дамиды. Себеп-салдарлық байланыстар түзіледі. Сондықтан тілі кеш шыққан балада кейін оқып-түсіну, мұғалімді тыңдау, тапсырманы есте сақтау, ойын жеткізу, зейінді тұрақтандыру қиындауы мүмкін, – дейді Айнұр Алдаш.
Сондай-ақ ол қазір қысқа контентің көп екенін, интернеттің әсерін атап өтті.
Қазір балалардың сөйлеу тәжірибесі аз. Неге? Бұрын бала күні бойы сөйлесетін, қозғалатын, ойнайтын, үлкендермен араласатын. Қазір экран алдында көп уақыт өткізеді. Дайын қысқа контент көп. Тірі диалог аз. Ақпаратты көп қабылдайды, бірақ аз сөйлейді. Мектепке дайындықтың алғышарты баланың өз жасына сай сөйлеуі екенін естен шығармаңыздар. Мектепке дайын болу үшін сөйлеуді дамыту, зейінді қалыптастыру, жүйке жүйесін дайындау, өзін өзі реттеуді үйрету маңызды, – дейді нейропсихолог.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды