Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБаланы мектепке дайындау қай уақытта да оңай болмаған. Әрбір ата-ананың мақсаты баласына сапасы бағасына сай жақсы зат сатып алу. Егер әзірше бір балаңыз ғана болса қаражатты үнемдеуге аса тырыспауыңыз мүмкін. Ал егер мектеп жасындағы 2-3 балаңыз болса, барлығын бір-бірінен қалыс қалдырмай үнемді киіндіру жолдарын білуіңіз қажет.
Ең бастысы қажеті тауарыңызды сатып алатын орынды дұрыс таңдай білу. Ол жердегі тауардың бағасы сіздің қалтаңызға ауыртпашылық салмайтын, ал сапасы ұнамды болуы тиіс.
Мектепке қажетті құрал-жабдықтарды жаздың соңына таяу алуға тырысыңыз. Себебі бұл уақытта жеңілдіктер маусымы басталады. Бір жерде жеңілдікпен алуға болатын тауарды, асығыстықпен өзге дүкендерден өте қымбатқа сатып алу тиімсіз.
Өте арзан ұсыныстардан да сақ болыңыз. Мәселен, мектепке киетін киім, аяқ киім мен сөмкеге келетін болсақ тым арзан заттар ұзаққа бармайтыны белгілі. Егер тамызда сатып алған сөмкеңіз қараша айында жыртылып қалса, екінші сөмкені сатып алу сізге әлде қайда қымбатқа түседі.
Жеңілдіктер уақытында қаражатыңыз мүмкіндік берсе, бірқатар киімдерді осы уақытта алып қойғаныңыз дұрыс.
Алайда, ересек балаларыңызды өзіңізбен алып барғаныңыз абзал. Жеңілдікпен екен деп алған затыңыз үйге келгенде балаңызға ұнамай кимей қойса, екі рет шығындалатыңызды да ескеріңіз.
Ата-ана ретінде бұл кеңестерді қалай толықтырар едіңіз?
Дайындаған: Тарлан ДИАС
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар