Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖазғы демалыстың басталуына байланысты балаларымен бірге теміржол арқылы сапар шегетін жолаушылар саны артып жатыр. Осыған орай, Ұлттық тасымалдаушы ата-аналар мен жолаушыларды балаларды пойызда тасымалдау тәртібін қатаң сақтауға шақырады.
Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады.
Егер балаға бөлек орын қажет болса, балалар билеті рәсімделуі тиіс.
Бірнеше баламен сапар шегетін ата-аналар тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады. Қалғандары үшін балалар билеті сатып алынады.
Бұл жастағы балалар тек балалар билетімен сапарлай алады.
Мұндай билет құны — ересектер билеті бағасының 50%-ы.
Бұл жастағы балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді.
Олар өз бетімен сапар шеге алады, бірақ қолында ата-ананың немесе заңды өкілдің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.
5 жасқа дейінгі балалар — орынсыз тегін сапарлайды.
5-10 жас аралығы — арнайы балалар тарифі.
10-15 жас аралығы:
Қазақстан аумағында — жолақының 50%-ы,
Шетел аумағында — толық тариф бойынша билет алынады.
Құжаттар талаптары
Бала ата-анасымен бірге жүрсе — туу туралы куәлік немесе төлқұжат болуы қажет.
Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе — екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты талап етіледі.
Ұлттық тасымалдаушы барлық жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балалардың әрдайым ересектердің қарауында болуын қамтамасыз етуге шақырады.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды