23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?БАӘ-де елшінің кеңесшісі болған дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі өмірі жайлы Ертісбаевтың youtube арнасына айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі қайта тіл табысу үшін ешқандай қадам жасамаған. Тіпті, балаларына да суық болған.
Қазіргі уақытта ол (күйеуі-ред.) алимент төлейді. Ол бірақ ұлыма операция жасауға қарсы. Мен қазір белгілі жобалар бойынша жұмыс жасап, мүмкіндігінше ақша жинап жатырмын. Балама Қазақстанда ота жасайтын мамандар болса, жақсы болар еді, - деді Карина Мамаш.
Карина Мамаш дағдарыс орталығында толық алты ай болған. Қазір гимнастикадан сабақ беретін бапкерінің үйінде тұрып жатқанын жеткізді.
Ол қазіргі уақытта мектепте жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді. Сонымен қатар, сән салондарында модель қызметін де атқарып жүргенін айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік