2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБалаларының түнгі жүрісі үшін 150 шымкенттік жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен демалыс күндері мегаполис полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларды түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүргенде болуы мүмкін қауіпті жағдайлардан қорғау, заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Профилактикалық шараға жергілікті атқарушы органдар, жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 141 баланы анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 9 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты хаттамалар толтырылды. Ал мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекске сәйкес айыппұл салынды. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген сегіз жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова