Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖақын күндері елімізде балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жаңа отандық мультфильм жарыққа шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мультсериалды Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық банк бірлесіп жасаған. Жобаның мақсаты - балаларға ақша басқарудың қарапайым әрі түсінікті тәсілдерін көрсету.
«Қаржы әлемі» атты мультсериал орман қалашығында тұратын мектеп оқушыларының өмірін баяндайды. 12 бөлімнен тұратын туындыда Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті қаржылық тәжірибелері көрсетіледі. Балаларға ақша жұмсауды, үнемдеуді, жоспарлауды және еңбек ету мәнін түсіндіру жеңіл әрі қызықты тілде беріледі. Сондай-ақ, кейіпкерлердің тарихы арқылы алаяқтықтан және қаржылық пирамидалардан қалай сақтану керектігі үйретіледі.
Мультсериал қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Сценарийді қаржы және білім беру саласының сарапшылары бірлесіп жазған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары