28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар лагерьлерінде қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Білім беру шараларына 10 мыңнан астам оқушы қатысты.
Сабақтар Білім министрлігімен бірлесіп әзірленген материалдар негізінде өтті. Олардың қатарында дәрістер, презентациялар мен «Бейтаныс», «Жеңіл ақша» және «Қошқар мен теке» атты анимациялық оқыту мультфильмдері көрсетілді.
Сабақ барысында «Алдай алсаң, алдап көр!» тақырыбында сурет байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Оқушылар арасында есірткі заттарын іздестіру әдістерін көрсеткен қызметтік иттердің қатысуымен өткен кинологиялық қызмет мамандарының көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар балаларға арналған спорттық турнирлер мен көңілді іс-шаралар да өткізілді.
Мұндай кездесулер балалар үшін тек танымдық сипатта ғана емес, сонымен қатар олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, қаржылық алаяқтардан қорғана білу дағдыларын үйретеді. Иттермен тіл табысу, шығармашылықпен айналысу мен ойын арқылы оқыту процесі шын мәнінде қызықты әрі есте қаларлық болады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?