Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБалалардың қалыпты дамуы үшін аяқкиімнің маңызы зор. Көбінесе ата-аналар маркетингтің құрбаны болып жатады. Ал дәрігерлер бала өзін жалаңаяқ жүргендей сезінетін аяқкиім сатып алуды ұсынады.
Білікті ортопед Ырыс Қайыржановтың айтуынша, ата-аналар балалардың аяқкиіміне дұрыс мән бермей жатады. Бірі сыртқы түріне, ендігісі бағасына қарай таңдайды. Сондықтан ортопед мынадай кеңес береді.
Сау аяқ – дұрыс аяқкиімнен басталады. Қате таңдау табанның қалыптасуын бұзады. Алдымен, аяқкиім жеңіл әрі жұмсақ болуы керек. ауыр аяқкиімді бала көтеріп жүре алмайды. Тұмсығы кең болса, табан дамуына кедергі келтірмейді. Аяқкиім таңдарда иіп көріп, таңдаңыз. Иілмейтін болса, балаға да жүріп-тұру қиын болады. Сондай-ақ табанның ұзындығын өлшеп, соған сай өлшем таңдаңыз. Мысалы, табан ұзындығы 16,5 см десек, оған ұлтарағы 17-17,5 см болатын аяқкиім таңдайсыз, – дейді ортопед.
Қазір скалиоз, плоскостопия, вальгусты емдейді деп ұлтарақ сатып жүр. Ортопедтер мұндай маркетингтің құрығына ілініп қалмауды ескертеді. Ырыс Қайыржановтың айтуынша, елімізде әрбір бесінші баланың аяғында вальгус бар. Өйткені балалар жалаңаяқ жүрмейді. Ал жалаңаяқ жүру аяқтың бұлшық еті мен сіңірін табиғи түрде дамытады.
Бізде аяқкиім көбіне дұрыс таңдалмайды. Тар, биік өкше, қатты табан – мұның бәрі табанға күш түсіріп, деформацияға алып келеді. Сондықтан жалаңаяқ жүру немесе анатомиялық дұрыс аяқкиім кию вальгус, халюс-вальгус және басқа да табан ауруларының алдын алады. Әлем ортопедтері каркасы қатты, башпайды қыспайтын аяқкиім таңдауды ұсынады, – дейді ортопед.
Қандай аяқкиім брендтерін таңдаймыз?
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?