Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШымкенттегі балабақшалардың бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Кадрларда балаларға берілген банандардың суретке түсірілгеннен кейін қайта жиналып алынғаны байқалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға қалай болған?
Бейнежазбада тәрбиеленушілерге негізгі астан кейін банан таратылғаны көрінеді. Алайда кадрларға сүйенсек, жемістер фотоесеп жасау үшін ғана берілген болуы мүмкін. Себебі суретке түсіру аяқталған соң банандар балалардан қайта алынып жатқандай әсер қалдырады.
Видеодағы бір бала бананын бергісі келмегенімен, кейін басқа тәрбиеленуші жемісті алып, тәрбиешіге тапсырады.
Білім басқармасының пікірі
Шымкент қаласының білім басқармасы бұл жағдайдың 2026 жылдың ақпан айында болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты балабақша меңгерушісі мен қызметкерлерінен түсініктемелер алынған. Сондай-ақ бейнежазбада көрінген бес қызметкердің үшеуі бүгінде аталған мекемеде жұмыс істемейтіні анықталған.
Бұдан бөлек, білім басқармасы мән-жайды жан-жақты тексеру үшін қаладағы полиция департаментіне, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ресми хаттар жолдағанын мәлімдеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?