6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желіде уағыз айтып отырған имамның аяғын үш баланың уқалап отырғаны бейнеленген видео үлкен талқыға түсті. Көпшілік бұл көріністі қабылдай алмай, мешітке келген балаларға бейәдеп іс жасатты деп сын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Әбішұлы Сатыбалды мешітінде болған. Белгілі болғандай, бұл сәтте Сарыағаш медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбжаппар Сманов таң намазында шәкірттерге уағыз айтып отырған. Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы да тексеру жұмыстарын жүргізіп, пікір білдірді.
Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап, ілтипат білдіретіні белгілі болды, – делінген басқарма хабарламасында.
Имамның туысы, Abdulakhad Smanov есімді азамат әлеуметтік желіде видеоға қатысты түсініктеме беріп, бұл балалар имамның өз немерелері екенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде бір видео кеңінен тарап жатыр екен! Атамыз өзге адамдарға ешқашан аяғын уқалатқан емес! Бұл – тек өз балалары мен немерелеріне ғана рұқсат етілген тәрбие әдісі. Біз, қазақ халқы, үлкеннің қолына су құйып, атаның қызметін жасап, батасын алуға талпынған халықпыз!, – деп жазды ол.
Бұл жағдай қоғамда екі түрлі пікір тудырды: бірі мұны ұлттық тәрбие дәстүрі деп санаса, екіншілері мешіт ішінде мұндай әрекет орынсыз деген көзқараста.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі