30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлордалық құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар тарата отырып, қауіпсіздік ережелерін хабарлау жұмысы күнделікті негізде жүргізіледі.
ТЖМ ата-аналардан қырағылықты арттыруды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Оқыс жағдайлардың алдын алудағы негізгі қауіпсіздік ережелері:
- үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәттері болуы мүмкін немесе оны мәңгілік мүгедек етіп жіберуі мүмкін;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен есіктердің жанында ойнап отырған болса;
- тиісті қорғаныссыз москит торларын қолданбаңыз. Балалар оған сүйенемін деп құлап кетуі мүмкін;
- балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнатыңыз;
- бала терезенің алдына шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды