22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған. Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Орта білім беруде 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізу; ерекше қажеттілігі бар балалардың 90%ын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту; физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алу; 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосу жоспарлануда. Колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқытумен қамту; жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайту; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыру; 80 колледждің материалдық-техникалық базасын жеке инвестицияларды тарту арқылы нығайту және жабдықтау; колледждерде 10 шағын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев