23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді7 сәуір – дүниежүзілік денсаулық күні. Соған орай, кеше елордада «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының «Қазақстан жақсылық жасайды» атты жобасы басталды.
Акцияның тұсаукесер рәсімі Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасында өтті. Шарада осы уақытқа дейін «Қасиетті жол» қорына қолдау білдіріп келген мейірбан азаматтар «Алғыс хаттарға» ие болды.
Балалар танымал дизайнерлермен бірге қабырғаларға түрлі-түсті суреттер салды. Олардың қатарында бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмдері мен ертегілерінің кейіпкерлері, ағылшын тілінің әліпбиі мен әлем картасы да бар.
Ал, аурухана ішіндегі шағын алаңқайда балалар емнен бос уақытта ата-анасымен бірге демалып, көңілі қаласа, тақтаға бормен сурет сала алады. Дәрігерлер қабырғаға салынған суреттер балалардың ауруын бір сәтке ұмыттырып, көңілдерін көтеретінін айтады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 мың 433 бала сал ауруына шалдыққан. Өткен жылы олардың 20 пайызы ғана (2621 бала) оңалту орталығында емделген екен. «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының президенті Гүлмира Әлімова алдағы уақытта республикадағы оңалту орталықтарының санын 14-ке жеткізуді жоспарлап отырмыз» дейді.
Жансая ТӨЛЕГЕН
Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады