Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Umai ұлттық сыйлығының аясында Балалар жылына орай «Үздік балалар спектаклі» сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Umai-2022» сыйлығының шарттарын таныстырған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов арнайы өнер номинациясы тағайындалғанын айтты.
«Хореографиялық өнер» бойынша «Үздік би ұжымы», «Балеттегі үздік орындаушы», «Үздік хореограф», «Үздік балет спектаклі» аталымдарына арнайы жүлде тағайындап отырмыз. Келесі бір номинациямыз – «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы. Бұл жерде «Үздік сәндік-қолданбалы өнер туындысы» үшін және «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша екі сыйлық көркем сурет, графика, сондай-ақ заманауи өнердегі жұмыстарға беріледі.
Жалпы «Umai-2022» сыйлығы аясында Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» номинациясын қойып отырмыз. Бұл жерде жүлде қорымыз әр номинация бойынша 2 млн теңгеден басталып, 6 млн теңгеге дейін белгіленген», - деді вице-министр.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік