13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2 қазан күні елордадағы Триатлон саябағында балалар жылына арналған «OTBASY DUATLON 2022» жарысы өтеді, деп хабарлайды EL.KZ.
Тіркеу нөмірлері 2 қазан күні сағат 08:00-ден сағат 10:00-ге дейін беріледі. Жарысқа балалар 8-9, 10-11, 12-13 жас санаттары бойынша қатысады. Ата-аналардың жасы маңызды емес.
Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізіледі. Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды.
• Жүгіру (әкелер)– 2,1 км;
• Веложарыс (аналар) – 2,1 км;
• Жүгіру (балалар) – 200 м.
Әкелер жарыс сызығынан 2,1 км қашықтыққа бірінші болып жүгіреді, олар эстафетаны аналарға беріп, транзиттік аймақта күтеді.
Екінші болып аналар 2,1 шақырымға велосипедпен жүріп өтіп, эстафетаны балаларға береді.
Үшінші болып балалар (8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас) мәреге дейін 200 м жүгіреді.
I, II, III кезеңді аяқтаған отбасылар жеңімпаз атанады. Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты еңсеруге кететін уақыт бойынша анықталады.
Барлық қатысушыға қатысқаны үшін финишорлық медальдар табысталып, жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, яғни әр жеңімпаз командаларға теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, велосипед секілді бағалы сыйлықтар табысталады.
Жарысқа тіркелу үшін төмендегі нөмерлерге хабарласуға болады.
• 87470545900
• 87079778001
Сондай-ақ, қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед ойнатылады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды